Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мен күтетін болашақ

30.05.2022, 14:50 636

HALYQLINE.KZ Менің таңдаған мамандығым – бала кезімнен алдыма қойған мақсатымның, қиялымда кеңге жайған асқақ арманымның нәтижесі. Ол – журналист болу. Қарапайым емес, жаһандық аренада танымал қазақ журналисі болу. Қазақ еліндегі журналистика саласының беделін әлемдік деңгейдегі елдермен теңесуіне өз үлесімді қосу.

Журналист болғым келеді! Бұл ой маған кенеттен, не болмаса, ата-анамның қалауынан келген жоқ. Бірақ, ағам сияқты есепші боламын деп немесе IT маманы боламын деп біршама уақыт жүрдім. Дегенмен де, жүрек қалауымен журналист болуға белімді будым.

«Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, еңбегің мен ақылың екі жақтап…» деп талмай еңбектеніп, қажырлы жұмыс істеп, бойымдағы шығармашылық қабілеттерімді дамытып жатырмын. Бұл мамандық әдеби тілді, сауаттылықты қажет етеді деп түсінемін. Журналист – қарапайым халық пен қоғам арасындағы көпір. Тек шындықты айтатын, тек әділдікті жақтайтын адам ғана журналист бола алады. Ол – сөзге шешен, ұтқыр ойлы, жан дүниесі әсем, кез келген адаммен сөз табыса алатын, қарапайым, білімді адам.

Журналист болу үшін жоғары білім алып, халыққа адал қызмет ету қажет. Ащы болса да, шындықты жақтайтын, шындық үшін күресе білетін, өз ісімнің маманы болғым келеді. Кім біледі, мүмкін, менің бүгінгі арманым – ертеңгі болашағым болар?! Бүгінгі қиялымдағы ойым – ертеңгі күнімнің еңбекпен тауып жейтін азығым болар?!

Ибнмахсут РАХМЕТОВ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: