Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мемлекет басшысы қызылордалық ардагерлерді құттықтады

09.05.2020, 16:56 380 0

Бүгін Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Ұлы Отан соғысының ардагері, 96 жастағы Әбдірахман Байтіковке ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын тапсырды.

Шаһар басшысы қариямен әңгіме барысында қазіргі таңда еліміздегі жағдайға байланысты Қазақстанымыздың кез келген қиындықты мойымай, жеңіп шығатынын жеткізе отырып, Сіздер бізге керексіздер, алдағы барлық мерекелерді бірге қарсы алайық, ең бастысы аман болыңыз, – дей келе Мемлекет басшысының ҰОС Жеңіспен аяқталғанына 75 жыл мерекесімен және аймақ басшысының құттықтауын жеткізіп, арнайы дайындалған  мерекелік медальді табыстап, сый құрмет көрсетті.

Өз кезегінде ардагер замандастарының соғыста жасалған ерліктерін жеткізе отырып, жас ұрпаққа – Тәуелсіздігімізді мәңгіге сақтап, Қазақ елін одан әрі дамыта беріңдер – деп ақ батасын берді.

          ҰОС ардагері Әбдірахман Байтіков мектеп бітірісімен                       1942 жылдың тамыз айында әскер қатарына алынды. 18 жасқа толған шағында жас сарбаз елін қорғауға аттанған. Cарбаз алдымен офицерлер дайындайтын курстан өтеді. 1943 жылы майдан даласына барып, Курск шайқасына қатысқан. 1943 жылы Курск доғасында ауыр жарақат алған. Елге 1944 жылы 2-топ соғыс мүгедегі болып оралып, колхоз қой фермасында 30 жыл есепші қызметін атқарған. Ардагер ұрыс даласында ерлігімен көзге түсіп, бірнеше орден-медальдармен марапатталған.

           Әбдірахман аға жұбайы Кеңескүл екеуі 10 бала тәрбиелеп, оларға жоғарғы білім беріп өсірген. Олардан 31 немере, 38 шөбере сүйіп отырған өнегелі отбасы.

Жалпы биыл Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай қала бойынша ҰОС қатысушылары мен мүгедектерінің, тыл  еңбеккерлеріне  біржолғы   әлеуметтік төлемдер берілді. Нақты айтар болсақ, қазіргі таңда қалада 8 Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектері бар, облыстық бюджеттен  500 мың теңге,  жергілікті бюджеттен  111 мың теңге, барлығы 611,0 мың теңгеден төленді және қалалық мәслихаттың шешімімен облыстық бюджеттен  500,0 мың теңгеден бөлініп, барлығы  1 млн 111 мың теңге берілді. ҰОС жылдарында  тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін  марапатталған 16 тыл ардагеріне облыстық бюджеттен 100 мың теңге, жергілікті бюджеттен 83,3 мың теңге барлығы 183,3 мың теңге төленді. Тылда алты ай еңбек еткен 1365 ардагерге облыстық бюджеттен 100,0 мың теңге төленді.

Сонымен қатар төтенше жағдайға байланысты «Біргеміз!» қоғамдық қоры арқылы  8 ҰОС және 16 тыл ардагерлеріне  50 мың теңгеден біржолғы көмек көрсетілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: