Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Малшыларға мол мүмкіндік

17.06.2026, 16:20 69

Елімізде «Жайлау» бағдарламасы іске қосылады, деп хабарлайды «Jibek Joly» телеарнасы. Соның аясында мал өсірем дегендерге қора салып, жарық, су және жол тартуға несие беріледі. Жалпы, мал шаруашылығын қолдауға биыл 117 миллиард теңгеден астам субсидия бөлінген. Оның 49 миллиард теңгесі игерілді. Алғашқы төрт айда фермерлер 1 триллион 158 миллиард теңгенің өнімін шығарып үлгерген. Ет өндірісі 3 жарым пайыз өскен. Қазір елде ірі қара саны 9 миллион 700 мыңға жетсе, қой-ешкі 25 миллионнан асты. Бұдан бөлек, фермерлерге жылдық үстемесі небәрі 6 пайыздық «Игілік» және «Береке» жеңілдікті несиелері беріледі. Осы жоспарлардың арқасында 2030 жылға қарай ірі қараны 12 миллионға жеткізіп, ет экспортын 2 жарым есе арттыру көзделіп отыр. Айта кетейік, бүгінде асыл тұқымды ірі қара мал саны 994 мың басты құрайды.
««Игілік» бағдарламасы ірі қара малды алатын болсақ, 100 бастан бастап, 500 басқа дейін арналған. «Береке» 500 бастан жоғары. Және де «Береке» бағдарламасында осы несиені алушыға кем дегенде екі жыл осы салада тәжірибиесі болуы талап етіледі. Екеуі де алты пайыздық, жеті жылға беріледі. Және де жеңілдетілген мерзім екі жылға дейін»,- деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Мал шаруашылығы департаменті басшысының орынбасары Қайрат Кошенов.

Фото: Егемен Қазақстан

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: