Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мәслихаттардың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін

24.09.2026, 11:00 28

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесі қаралатынын мәлімдеді.

Мемлекет басшысының айтуынша, мәслихат депутаттарының басым бөлігі «Amanat» партиясының атынан сайланған. Қазір аталған саяси ұйым «Әділет» партиясына қосылып, дербес қызметін тоқтатты. Заңдық рәсімдер аяқталған соң депутаттар корпусының легитимдігіне қатысты мәселе туындайды.

— Жақын арада Премьер-министрмен және Құрылтай Төрағасымен барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату жөнінде кеңесемін. Содан соң тиісті Жарлыққа қол қоямын, — деді Президент.

Бұдан кейін Орталық сайлау комиссиясы мәслихат депутаттарын сайлау күнін белгілеуі керек. 

Фото: Егемен.кз

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: