Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мәдени-демалыс кешенінің санитарлық тазалығын бақылады

02.09.2026, 16:55 50

HALYQLINE.KZ

Кеше Қазалы ауданының әкімі Алмасбек Есмаханов Әйтеке би кентіндегі Қазалы мәдени-демалыс кешеніне барып, аумақта жүргізіліп жатқан санитарлық тазалық жұмыстарын бақылады, деп жазады баспасөз қызметі.

Аралау барысында кешен аумағының санитарлық тазалығы, абаттандырылуы, аяқсу арықтарының жағдайы, жарықтандыру жүйесі және жалпы көркейтілу деңгейі назарға алынды.

Аудан әкімі кешен аумағын тұрақты түрде таза ұстау, қоқыстарды уақытылы шығару, қураған шөптерді тазалау, ағаштар мен гүлдерді күтіп-баптау жұмыстарын жүйелі жүргізуді тапсырды. Сонымен қатар аумақта орналасқан кәсіпкерлік нысандардың сыртқы келбетін ретке келтіру, санитарлық тазалығын қамтамасыз ету, нысандардың маңайын абаттандыру және белгіленген талаптарға сәйкестендіру бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Кешендегі жарықтандыру жүйесінің талапқа сай жұмыс істеуі, қоғамдық орындардағы тазалықтың сақталуы, бейнебақылау камераларының үздіксіз жұмыс істеуі және тұрғындардың қауіпсіздігіне қатысты мәселелер де бақылауға алынды.

Аудан басшысы Қазалы мәдени-демалыс кешені тұрғындар мен қонақтардың бос уақытын тиімді өткізетін маңызды орын екенін атап өтіп, нысан аумағының тазалығы мен көріктілігін күнделікті назарда ұстауды тапсырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: