Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Үздік архивші» байқауы өтті

13.12.2023, 10:15 244

Қызылорда облысының мемлекеттік архивінің 95 жылдығы және 22 желтоқсан – Архившілер күніне орай «Үздік архивші» байқауы өткізілді.

Байқауға Қызылорда облысының мемлекеттік архиві және филиалдарынан 11 архивші маман қатысты. Конкурс қатысушылары 4 кезең бойынша бақ сынады.

Бас жүлдені Қармақшы аудандық архиві филиалының ІІ санатты архивисі Н.Аяғанов, І орынды Қызылорда облысының мемлекеттік архивінің ІІ санатты археографы А.Әлиасқарова, ІІ орынды қоғамдық-саяси тарихы бойынша филиалының ІІ санатты архивисі Ә.Басанова, ІІІ орынды облыстық архивтің ІІ санатты архивисі Ш.Төлегенова иеленді.

Қатысушыларға «Ең үздік танытылым», «Креативті маман», «Ізденімпаз» номинациялары, бағалы сыйлықтар табысталды.

Іс-шара соңында қатысушылар «Қызылорда облысына-85 жыл», «Архив – ұлттық құндылықтар қазынасы» тақырыбындағы тарихи-құжаттық көрмелерге экскурсия жасады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: