Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Үйірме – өнер бастауы

27.01.2023, 10:10 383

HALYQLINE.KZ Кеше Арал аудандық мәдениет үйі жанындағы үйірмелердің жылдық маусымының ашылуына орай мерекелік іс-шара өтті. Концертке аудан әкімнің орынбасары К.Бержанов қатысып:

– «Қазіргі таңдағы біздің алдымызда тұрған міндет – жас ұрпаққа заманауи білім беріп, бала бойындағы мүмкіндіктерді ашу. Бұл бағытта өңірімізде жеткіншектердің білім алып, спортпен шұғылданып, шығармашылығын шыңдауына жағдай жасалуда. Бүгін, міне осындай үйірмелердің биылғы жылғы дәстүрлі жұмысы бастау алмақ. Балаларды ұлттық аспаптар мен ән, би, халықтық театр және тағы да басқа өнер түрлеріне баулитын болады. Балаларымыздың жетістіктері, олардың жақсы оқып, әртүрлі үйірме топтарына белсене қатысып жүргендері – біз үшін үлкен мақтаныш» – деп барлық үйірме жұмысына сәттілік тіледі.

Мерекелік кеште өнер үйірмелерінің қатысушылары концерттік бағдарлама ұсынды. Мың бұрала билеп, әсем әндерді нақышына келтіре орындап, ертегі қойылымын сомдаған жас өнерпаздар көрермендер ықыласына бөленді.

Атап өтейік, аудандық мәдениет үйі жанында 12 өнер үйірмесі жұмыс істейді. Оның 5-еуі – халықтық ұжым, 7-еуі – балалар және жастарға арналған үйірмелер.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: