Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Талант рухына тағзым

28.04.2025, 13:10 108

Қызылордада Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, қазақ музыкасының феномені, вируоз музыкант, әнші-композитор Батырхан Шөкеновты еске алу шарасы өтті.

Еске алу рәсіміне қала әкімінің орынбасары Бақытжан Омаров, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Жанмұрат Сейілов және Сыр мәдениеті мен руханиятының өкілдері, өнер майталмандары, музыканттар мен талант иесінің туыстары және әнсүйер қауым арнайы қатысты.

Шарада әнші ғұмырының келелі сәттерінен жылы естеліктер айтылып, ғұмырнамасының ғибратты тұстары қаузалды. Әнші репертуарынан әсем әндер орындалып, мағыналы шараның шырайын келтірді.

Ғұмыр кесесі ерте толған талант иесінің шығармашылығы ерекше музыка мен сырлы әуенге толы, оның қайталанбас дауысы мен ән орындау шеберлігі музыка мәдениетіне өзіндік қолтаңба қалыптастырды. Өнер тарланын үлкен де, кіші де қадір тұтты, жас та, жасамыс та әндерін жатқа айтты. Талант рухына жасалған тағзым жарқ етіп өткен жұлдыздың ән-ғұмырының мәңгілік екенін тағы да бір дәлелдей түсті…

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: