Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Студенттік көктем-2023» байқауының жеңімпаздары анықталды

26.05.2023, 16:45 565

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Студенттік көктем-2023» өнер фестивалі өтті. Белсенді студенттердің басын қосқан думанды шара 23-25 мамыр аралығында ұйымдастырылды.

         «Студенттік көктем-2023» атты өнер фестивалі – оқу орнында дәстүрлі түрде өткізілетін ең ауқымды шаралардың бірі. Үш күн бойы ұйымдастырылған фестивальде студенттер сан қырлы өнерімен, креативті идеяларымен ерекшеленді.

 Байқауға  5 институт бойынша 500-ден астам білім алушы қатысты. Сонымен қатар, оқытушы-профессорлар мен университет түлектері, облыстағы танымал жұлдыздар студенттермен бірге сахнада өнер көрсетті.

Қатысушылар «Таныстыру», «Шырқайық бірге» эстрада және ретро әндері, «DANCE» заманауи және ұлттық билер, бейнероликтер байқауы және көрініс қою кезеңдері бойынша сайысқа түсті.

Шарада қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жағыпар Тажмаханов байқаудың маңызыдылығы туралы атап өтті.

– Үш күннен бері «Студенттік көктем-2023» байқауының куәгері болдым. Жастарды жан-жақтылыққа тәрбиелеу, интеллектуалдық қабілетін дамыту, шығармашылығын шыңдауда бұл байқаудың пайдасы орасан зор. Шара барысында студенттердің басым көпшілігі белсенді, креативті, жаңашыл екенін байқадық. Білім алушылардың өзара жақсы араласуына, институтаралық достықты нығайтуға арналған керемет шара деп бағалаймын, – деді Жағыпар Тажмаханов.

Байқау нәтижесінде І орынды Гуманитарлық – педагогикалық институтының студенттері иеленсе, ІІ орынды Педагогика және дәстүрлі өнер институты, ІІІ орынды Инженерлі-технологиялық институтының білім алушылары еншіледі.

Сондай-ақ, шара барысында институттар арнайы номинациялармен марапатталды.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: