Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазалыда гитара аспабында ойнаушылар сынға түсті

08.11.2023, 17:15 157

HALYQLINE.KZ

Бүгін Қазалы ауданының 95 жылдық мерейтойы қарсаңында «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, музыкант Серік Пірімбайдың есімін ұлықтау мақсатында «Шырқа, гитара» атты гитара аспабында ойнаушылар арасында облыстық байқау өтті.Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Р.Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығында өткен іс-шараны аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тлеумбетов сөз сөйлеп ашып, жиылғандарды ауданның мерейлі мерейтойымен құттықтап, ізгі лебізін жеткізді.

Байқауға қатысушы үміткерлер бірінші кезеңде гитараның сүймелдеуімен бір шығармадан орындаса, екінші кезең бойынша әншіні сүйемелдеумен еркін тақырыпта бір әннен орындады.

Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені Қазалы ауданынан қатысқан Аралхан Ғасырбек және Сәдуақас Тұрар жұбы иеленді. Жүлделі бірінші орынды Қазалы ауданынан Жанназаров Өмірбек, екінші орынды Сырдария ауданынан келген Хамза Айгерім, үшінші орындарға Қазалы ауданынан Өтепбергенов Ғабит пен Сырдария ауданының өнерпазы Әнуар Ислам ие болды.

Мұнан бөлек облыстық байқауға қатысушы басқа да үміткерлерге түрлі номинация табысталды.

 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: