Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қала күніне орай гала-концерт өтеді

18.10.2023, 11:15 269

HALYQLINE.KZ

Құрметті қызылордалықтар!

Сіздерді облысымыздың 85 жылдық мерейтойы мен Сырдың бас шаһары – Қызылорда қаласының төл мерекесіне орай 20 қазан күні сағат 19:00-де Орталық стадионда өтетін гала-концертке шақырамыз!

Мерекелік кешті жерлесіміз, елімізге танымал жайдарманшы Асылхан Дүкенбаев жүргізеді. Эстрада жұлдыздары Еркеш Хасен, Еңлік, Садраддин, Ақбота-Нұр және жергілікті өнерпаздар Сіздер үшін арнайы өнер көрсететін болады.

Баршаңызды мерекемен құттықтай отырып, қызықты думанды бірге қарсы алуға шақырамыз! Келіңіздер! Көріңіздер!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: