Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Президент «Қазақстанның халық әртісі» атағын қалпына келтірді

29.03.2023, 10:45 270

HALYQLINE.KZ VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясында сөз сөйлеген мемлекет басшысы «Қазақстанның халық әртісі» атағын қайта тағайындауды тапсырды.

«Қазақстанның халық әртісі атағын қалпына келтіру туралы шешім қабылдадым. Қазан айында Республика күні қарсаңында мәдениет қайраткерлерінің бірінші тобына бұл атақ беріледі», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент мәдени даму саласында жан-жақты ойластырылған саясатты жүзеге асыруды маңызды мәселелер деп атады. Мемлекет басшысы осы саланы дамытудың жаңа тұжырымдамасы әзірленіп жатқанын айтты. Бұл құжат мәдениет саласын жан-жақты дамытуға, елдің мәдени мұрасын сақтау мен насихаттауға, ұлттық бірегейлікті нығайтуға бағытталуы тиіс.

«Шығармашылық зиялы қауым бір мезгілде мемлекеттің стратегиялық міндеттеріне жауап беретін танымал және сұранысқа ие контент құруы керек. Бұл жерде отандық креативті индустрияны жүйелі түрде қолдау өте маңызды. Жалпы алғанда, мен оның дәйекті түрде нығаюына сенімдімін. Адам капиталы жылдам өзгеріп жатқан әлемде еліміздің табысының кепілі болмақ. Ұлтымыздың жаңа сапасын қалыптастыра отырып, біз әділетті мемлекет пен келісімді қоғам құрудың берік іргетасын қалаймыз», – деді Тоқаев.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: