Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Өнер фестивалінің өрісі кең

15.12.2023, 15:30 146

Қармақшы аудандық мәдениет үйінде «Ән-жырым саған, туған ел!» атты өнер фестивалі өркен жайып, қорытынды гала концерті өтті. Фестивальге аудан әкімінің орынбасары Смағұлов Самат Қыдырбекұлы қатысып, фестивальге атсалысқан барлық мәдениет ұйымдарын құттықтап, аудан әкімінің арнайы дипломы мен бағалы сыйлықтарын табыстады.

Өнердің алтын қазынасына айналған Қорқыт бабадан бастау алатын өнеріміз бен мәдениетімізді мәуелеткен киелі топырақ Қармақшы ауданының 95 жылдығына орай аудан өнерпаздары жыл басынан бері аудан аумағындағы елді мекендердегі тұрғындарға тамаша тарту жасаған болатын.

Өңірдің өнері мен мәдениетін, тарихын жан-жақты насихаттап, ауданымыздың көптүрлі мәдени ерекшеліктерін дамыту, орындаушылардың кәсіби шеберлігін шыңдау мақсатында өткен фестиваль көрермендері әсем әуен ырғағына елітіп, өресі биік баба өнерден сусындады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: