Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Облыс әкімі Шөкеновтерді қабылдады

19.05.2023, 18:30 182

HALYQLINE.KZ

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев әнші, композитор Батырхан Шөкеновтің бауырлары Мүсірәлі мен Бақытжан Шөкеновтерді қабылдады. Олар аймақ басшысына жаңадан жарық көрген әндер жинағын, ҚР Ұлттық банкі шығарған  «Батырхан Шөкенов» коллекциялық монетасын және әнші туралы жарық көрген сұхбаттар мен мақалалар жинақталған кітапты табыстады. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Өз кезегінде, Нұрлыбек Машбекұлы Батырхан Шөкеновтің есімі еліміздің өнер тарихына алтын әріппен жазылғанын, туған жерінде оның жарқын бейнесі, көңіл сырын дөп басатын әндері ешқашан ұмытылмайтынын айтты.

Айта кетейік,18 мамыр – Батырхан Шөкеновтің туған күні. Осы күні Б.Шөкенов атындағы саябақта еске алу іс-шарасы өткізіліп, композитор ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.

Еске салсақ, 2018 жылы 18 мамыр күні Қызылордада Батырхан Шөкеновтің ескерткіші ашылды. Алматы қаласының Бостандық ауданында әнші атымен аталған көше бар. Өткен жылы ҚР Ұлттық банкі Батырхан Шөкеновтің құрметіне арнайы естелік монетасын шығарды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: