Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Коронавирус қытай компанияларын құлдыратуда

03.02.2020, 16:03 394

Шанхай қаласындағы Shanghai Composite индексі 7,7%-ға, ал Шэньчжэндегі Shenzhen Composite биржасындағы акциялар Қытайдағы жаңа жылдан кейінгі алғашқы жұмыс күнінде 8,5%-ға арзандап кеткен. Әрбір индекстегі құлдыраудың салдарынан инвесторлар жалпы алғанда 445 миллиард доллар жоғалтқан.

Бұдан бөлек мұнайға деген сұраныс 20%-ға түсіп кеткен. Сан түріне аударғанда мұнай тұтыну көлемі күніне 3 млн баррельге дейін төмендеген. Мамандар мұның себебін де коронавирус індетімен байланыстыруда. Осыған байланысты қаржыгерлер Brent маркалы мұнайдың баррелінің бағасы 54 долларға дейін құлдырайды деп санайды.  Егер Қытайдағы індет ұзаққа созылса, мұнайдың баррелі 47 долларға дейін арзандауы мүмкін деп болжауда.

Қытай – әлемдегі ең ірі мұнай тұтынушы ел. Мұнайға деген сұраныс күніне шамамен 14 млн баррельді құрайды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: