1. Көшбасшы — бұл, ең алдымен, мықты мінез.
2. Көшбасшы бұйрықты күтпейді — көшбасшы өзі әрекет етеді.
3. Көшбасшыны басқалардан ерекшелендіретін нәрсе — бұл іс-әрекетінің батылдығы мен байсалды ақылы.
4. Көшбасшы — барлық жағынан көшбасшы.
5. Көшбасшы соңынан мыңдаған адамды ерте алады.
6. Көшбасшыға ақыл беруші көп болар.
7. Көшбасшы болып тумайды — көшбасшы болып қалыптасады.
8. Көшбасшылық тамырында оптимизм жатыр.
9. Көшбасшының басты қарсыласы – оның өзі.
10. Көзбасшы өзі не қалайтынын біледі.
11. Көшбасшының кетуі ұйымның ыдырауына әкелуі мүмкін.
12. Көшбасшы қайтадан салу үшін қиратудан қорықпайды.
13. Көшбасшы айналасындағыларда жоқ қасиеттерге ие.
14. Көшбасшыға бәрі де ұқсағысы келеді.
15. Көшбасшы ұйқыдан не үшін оянатынын біледі.
16. Көшбасшының тұжырымы талассыз.
17. Көшбасшыны тек өзге көшбасшы ғана жақсы түсінуі мүмкін.
18. Көшбасшы біреуге ұқсауға ұмтылмайды, ол әрқашан өз биігінде қалады.
19. Көшбасшыға жалғыздығы да жайлы көрінеді.
20. Дағдарыстар мен өзгерістер — Көшбасшы үшін белсенді іс-қимыл уақыты.
21. Көшбасшы үшін ең беделді адам – ол өзі.
22. Көшбасшы өзгенің пікірін жоққа шығармайды, соның есебінен өз көзқарасын негіздейді.
24. Көшбасшы үшін қиындық жоқ — міндеттер бар.
25. Көшбасшы тек алға жүреді.
26. Көшбасшының қасында ең бейшара адамның өзі табысты сезінеді.
27. Көшбасшы қиындықтарға күле қарайды.
28. Көшбасшы болғысы келу мен болу үшін әрекет ету – екі басқа жол.
29. Көшбасшылық, бұл — бәрінен бұрын жігерлілік.
30. Көшбасшы – ерекше көзқарастар иесі.
31. Көшбасшының көңіл күйі айналасындағылардың көңіл күйін жасайды.
32. Көшбасшы адамдарды ерлік істер жасауға қанаттандырады
33. Ешкім де, ештеңе де көшбасшыны өз қалауынсыз жолдан тайдыра алмайды.
35. Көшбасшыны ажал ғана тоқтата алады.
Интернет желісінде жарияланған материалдарды пайдалана отырып,
2023 жылы аударма жасаған
Айгүл САҒЫМБАЙ.
Фото: ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!