Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Көп жерде өзімді тежеуге тура келді»: Ринат Зайыт депутаттық қызметі туралы

02.07.2026, 10:10 49

HALYQLINE.KZ

Парламенттің соңғы бірлескен отырысы өтті. Депутаттар мандатымен қош айтысып, журналистердің сұрағына жауап берді, деп хабарлайды adaladam.kz.

Ринат Зайыт та депутаттық қызмет өзіне не бергенін, неден тыйғанын айтты.

«Баяғыда айтыскер ақын ретінде еркін пікірдің адамы едім, сол еркіндікті шектеуге тура келді. Себебі, заң шығарушы органда ондайға көп жол берілмейді. Бұрынғыдай ақын айтты демейді, қазір депутат айтты дейді. Көп жерде өзімді тежеуге тура келді. Жоғалтқан нәрсем сол шығар. Ол уақытша деп ойлаймын. Ал бергені көп. Құжатнамалар мен қабылданатын заңдардың ішкі тепе-теңдігін сақтауды үйретті. Ол өзім үшін үлкен тәжірибе. Депутаттық қызметімде өкінген кездерім біраз болды», — деді Ринат Зайыт.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: