Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Көлік қозғалысы реттеледі

06.01.2024, 21:00 261

Облыс әкімінің тікелей қолдауымен халықтың сұранысына сай мақсатты жобалар сәтті жүзеге асуда. Сондай маңызды жұмыстардың бірі – Е.Көшербаев көшесінде де атқарылады.

Яғни, С.Бейбарыс көшесі мен Астана даңғылының аралығын байланыстыратын Е.Көшербаев көшесі 4 жолаққа кеңейтіліп, аяқ су лотоктары ауыстырылады. Жарық шамдары жаңаланып, жаяу жүргіншілер жолы түседі. Жоба құны – 434,4 млн теңге. Бұл жұмыстарды жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 133,2 млн теңге бөлініп отыр.

Қайта жаңғырту жұмыстары наурыз айында басталады, әзірге дайындық шаралары пысықталуда. Жобаның жай-күйімен танысқан Қызылорда қаласының әкімі Асылбек Шаменов мердігер мекеме басшысына жұмыстардың өз мерзімінде және сапалы аяқталуына күш салу керектігін тапсырды. Өз кезегінде компания басшылығы игілікті істі атқаруға сақадай сай екендігін жеткізді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: