Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Инженерлік-инфрақұрылымын дамыту мәселесі – басты назарда»

29.01.2024, 23:25 224

Қазалы ауданында электр желілерінің тозу деңгейі 73 пайызға төмендеді. Бұл көрсеткішті одан әрі төмендету бағытында биыл Қазалы қаласы Әйтеке би кенті мен Қожабақы және Байқожа ауылдарының электр желілері қайта жаңғыртылмақ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев хабарлады.

– 2023 жылы Әйтеке би кентінің электр желілерін қайта жаңғырту жұмыстарын бастауға Ұлттық қор есебінен тиісті қаржы бөлініп, жоспарланған жұмыстар толық атқарылды. Биыл да ауданның электр желілерінің қайта жаңғырту бойынша қажетті шаралар қолға алынатын болады. Ауданымыздың инженерлік-инфрақұрылымын дамыту мәселесі де – басты назарда. Себебі, жер кезегінде тұрған тұрғындардың саны жылдан жылға артып келеді. Осыған сәйкес, тұрғын үй кезектілігін азайту мақсатында былтыр Ғ.Мұратбаев ауылында жаңадан ашылған аймақты ауыз су, газ және электрмен жабдықтау үшін 310,483 млн теңге бөлініп, тиісті құрылыс басталды. Сонымен қатар, Әйтеке би кентіндегі көлемі 180 гектар жер учаскесіндегі тұрғын үйлерге сервистік ауыз су желісін жүргізуге 109,4 млн теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Өткен жылы аудан орталығы – Әйтеке би кентіндегі 4 көп қабатты тұрғын үй күрделі жөндеуден өтіп, ел игілігіне пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, биыл аудандық бюджеттен тағы 3 тұрғын үй жөнделеді. Ал демеушілік есебінен 5 қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің шатыры жабылды. Аудан орталығында салынатын көлемі 600 гектар жер болатын тұрғын үйлерді инженерлік-инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жобасы әзірленуде, – деді аудан әкімі.

Қазалыда газдандыру жұмыстары да қарқынды жүруде. Мәселен, қазіргі таңда Абай елді мекенінде орамішілік газ желілері жүргізілуде. Сонымен қатар, демеушілік есебінен 5 ауылға, яғни, Ақтан батыр, Жанқожа батыр, Бекарыстан би Майдакөл, Ү.Түктібаев елді мекендеріне көгілдір отын жеткізу үшін жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, сараптамадан өткізілді. Бұл жоба жүзеге асқан жағдайда 15 елді мекеннің 17 мыңнан астам халқы, 3 000-нан астам тұрғын үй және 115 әр түрлі бағыттағы нысандар газ желісіне қосылатын болады. Мұнымен қоса, демеушілік есебінен Ақсуат ауылы мен Байқожа, Майлыбас елді мекендеріне табиғи газ қосу үшін жоба-сметалық құжаттары әзірленуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: