Қызылорда облысында коронавирус жұқтырудың тағы 6 оқиғасы тіркелді. Бұл туралы өңірлік коммункикациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді, деп хабарлайды kyzylorda-news.kz.
«Бүгінгі таңда Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастар саны 24 адамға жетті. Олардың екеуі – Қармақшы ауданында, екеуі Жаңақорған ауданында, біреуі – Шиелі, ал, алтыншысы – Қызылорда қаласында тіркелді. Қармақшы ауданындағы бір науқас Алматы қаласынан келген. Екінші науқас анықталу үстінде. Жаңақорған ауданындағы екі адам да осы инфекцияны бұрын жұқтырған науқастармен қарым-қатынаста болғандар. Шиелі ауданында да осындай жағдай, яғни, бұрын ауырған науқаспен тығыз байланыста болған. Ал, Қызылорда қаласында анықталған адам облыста ең бірінші анықталған науқаспен қарым-қатынаста, тығыз байланыста болған», – деді Жақсылық Абдусаметов.
#Үйде болыңыз!
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!