Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Хиджап киген әнші-блогерлерге ақша төлейтінін естідім» – Жанар Айжанова

18.01.2024, 18:00 445

HALYQLINE.KZ

Әнші Жанар Айжанова Adal Adam youtube арнасына хиджап киген қыздардың саны көбейгеніне қатысты ойын айтты.

Оның айтуынша, ол қыздар хиджапты біреудің ықпал етуімен киеді. Тіпті оранған блогер мен әншілерге ақша берілетіні туралы естігенін мойындады.

«Секта деп айта ма, төлейді деп айтты, өйткені кейде хиджап киген қыздардың әке-шешенің кіндіктен төмен сылап, неше түрліні айтып, еркектерді боқтап жатқанды көрген кезде мынауың адам емес қой деп ойлайсың. Сосын мен естідім түнгі клубтан шығып, таңертең скамейкада мас есін жиып ұйықтап жатыр дейді (…) Осы ұйым болса, оның ішінде иманы әлсіз ақша үшін сондай адамдарды тандап алып, бір-екі мақалын, хадисін айтып улайды да, ол бірден қатты кетеді. Қатты кеткеннен кейін ана байғұс артында бұрынғы әдеті тартып тұрады, болмайын десе ана жақтан алған ақшасы бар, хиджапты киіп қойды», ‒ дейді әнші.

Жанар Айжанованың айтуынша, қазіргі заманда жастарды адастырушылар көп. Олардың қармақтарына тіпті белгілі әншілер де түсіп жатады.

«Мен бір-екеуін білемін. Атын айтпай-ақ қояын. Менің бір көршім болған. Үйге неше түрлі кітап алып келіп, содан кейін айттым «Айналайын қойшы, сенсіз де білемін». Ол «Жоқ, мен енді тек қана Алла туралы ән айтамын, бәрінен бездім, қонаққа барғанда тамақ ішпеймін». Қазір қайтып келген. Одан кейін біреуі кетті Меккеге. Бір қарасам, Құранды алдына ақ матаға орап алған. Автобуста келе жатырмыз, Наурыз ба бір нәрсені өткізуге кеткенімізде басқа қалаға. Қазір ол да қайтты. Басында қатты кеттік қой деді адасып», – деді әнші.

Намаз – жұртқа көрсететін авторитет емес, діни жолға түстім деп жарнама жасаудың керегі жоқ, деп ойлайды Жанар Айжанова.

«Намаз оқитын көп адамның бүркеніп жүруі міндет пе, міндет емес пе білмеймін. Орамал сырт киім ештеңеден құтқара қоймайды. Бір жерге барсам, «Мен намазға келгеннен кейін» дейді. Оған дейін ол не кісі өлтірді ме, ұрлық жасады ма (…) Өлгенше әжем намазын оқып кетті. Жұма күні қораға барып, бір шәйнек жылы суды алып келіп, төбесінен бастап құяды, мен киімін ұстап тұрамын. Осылай қақаған 40 градус аязда. Нағыз мұсылмандар сол. Оразасын ұстайды, бірақ ешкімге артық әнгіме айтқан жоқ», – дейді ол.

Сурет  ашық дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: