Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Халық билік үшін өмір сүрмеуі керек

28.04.2020, 9:59 570

Амангелді  АЙТАЛЫ,

мемлекет  және  қоғам  қайраткері

Қазір ел басына күн туып тұрған заман болып тұр. Халықтың бейқамдығы қатты алаңдатады. Төтенше жағдай жарияланғанымен, той тойлап, ойына келгенін жасап жатқандар бар. Адамның табиғатында инстинкт болады. Оның біріншісі – адам өзін-өзі сақтау керек. Өзін-өзі ғана емес, айналасындағы адамдарды сақтандыру керек. Осы инстинкттің халықтың бойында өліп қалғаны мені қатты алаңдатады. Бейжай қарау, енжарлық басым. Бұл біздің болашағымыз үшін қауіпті. Ұлтқа үлкен сын түсіп тұр. Халықтың бойында билікке деген сенімсіздік басым. Бізде айтылған сөзі құнсызданып кеткеннен кейін билік Ұлттық сенім кеңесін құрды. Соның өзінде қоғамда сенімсіздік басым. Билік үшін өмір сүрмейміз ғой. Халық билік үшін өмір сүрмеуі керек. Өзінің сақтығын ойласа, сақтық шараларын алдымен көпшілік өзі қарастыруы қажет.

Әлемде болып жатқан көрсеткіштерге қарау керек. Қытай бұл індетті жеңіп шықты. Қытай азаматтары «біздің демократиямыз – жауапкершілік» дейді. Олар демократияның өзін үлкен жауапкершілікке салып, бейберекет шешім қабылдамайды. Міне, осы жауапкершілікке салғаннан кейін барып Қытай індетті жеңді. Олар қиындықтарды сауатты шешіп келеді. Демократиясы бар, бірақ жауапкершілігі аз Еуропа бұл індетті, керісінше, асқындырып алды. Біздің ескеруіміз керек нәрсе – осы. Жауапкершілік әр адамда болуы керек. Ал ел алдында жүретін азаматтарда жауапкершілік екі есе жоғары болуы қажет. Сонда ғана біз қиындықты жеңіп шығамыз.

«Жас Алаш» газетінен алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: