Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Есептегі азамат сабын шығарып, жергілікті халықты өніммен қамтып отыр

14.01.2021, 12:30 353

Қызылорда қалалық пробация есебінде өзін-өзі жұмыспен қамтып, жеке кәсіп ашқан азаматтар көбеюде. Соның бірі С есімді азамат кір сабын шығару кәсібін қолған алған. Шағын цехта күніне 350-400 кг сабын шығарып, сауда орындарына апарып өткізуде. Ол кір сабынның дайындалу жолын бізге түсіндіріп берді. Алдымен үлкен қазандыққа табиғи қоспаларды, оның ішінде май өнімдерін қосып араластырып, қайнатып, каучук содасын қосқан соң, сабын өзінің реакциясын береді. Қоймалжың затты аппаратқа салып, «вермишель» тәрізді етіп шығарып, 1-2 сағат көлемінде кептіреміз, содан соң арнайы қалыптар арқылы сабын түрінде шығарамыз. Дайын сабынды қызып тұрған кезінде мөр басамыз. Мен сабынның атауын «Сыр сабыны» деп атадым. Бұлай атауымының себебі, сабынның құрамы жағынан да сапасы жағынан да Сыр елінің өнімі екенін көрсету мақсатында болды. Сабын сатқаннан түскен қаражатқа өнім дайындауға қажетті шикізаттарды аламын. Кәсіппен айналысып жатқаныма 1 жылға жуықтап қалды, сабынға сұраныс көп. Дайын өнімдерді  қала аумағындағы сауда орындарына апарып өткіземіз.

– Алдағы уақытта кәсібімді одан әрі дамыту ойымда бар, пробация қызметкерлері қайтарымсыз несие алып беру мен бизнесті дамыту жайында білімімді жетілдіру үшін құжаттарымды дайындап жатыр,- деді есептегі азамат.

Қызылорда облысы бойынша

Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: