Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ерге тән ерлік көрсеткен…

29.12.2022, 16:45 201

HALYQLINE.KZ Қызылорда Қоғамдық телеарнасының белгілі журналисі, блогер Назгүл Қажытаева ерге тән ерлігімен көпті тәнті етті. Тілшілік тіршіліктен бөлек, әлеуметтік желіде белсенділік танытып жүрген ол, адам өмірін сақтап қалуға себепші болды. Оның айтуынша, желіде көмек сұрап көптеген жандардан хат келеді екен. Сондай жайттың бірі қараша айында болған. Айтуынша, қызылордалық тұрғынның жақын туысы таңертең үйден шыққанан кешке дейін оралмағанын хабарлап, жәрдем беруін сұраған. Осылайша Назгүл Қажытаева өзінің парақшасында із-түссіз жоғалған адамды жариялап, іздеу жұмыстарына атсалысқан. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Қоғам тв» телеарнасының тілшісі Назгүл Қажытаева оқиға барысын баяндады.

– Мен жұмыстан тыс уақыттарда әлеуметтік желілерде белсенді болуға тырысамын. Өздерінің мәселелері бойынша жазған жандарға қол ұшын созуға тырысамын. Осы жылдың қараша айында кешкі сағат 19:00 шамасында полиция бөлімшесінен хабарласты. Аталған оқиғаға байланысты тездетіп келуімді сұрады. Мен де көмегім тиер деп барып, іздеу жұмыстарына атсалыстым. Осылайша бөлініп жоғалған адамды тез арада іздеуге кірістік. Бас-аяғы 40 минуттың ішінде жоғалған адамды дария жағасынан таптық. Әлгі кісіні судан алып шыққан бойда бірден құтқарушы мамандармен бірігіп, дер кезінде ауруханаға жеткіздік. Дәрігерлер лезде алғашқы көмек жасап, адам өмірін ажалдан сақтап қалды. Осы жағдайдан кейін әлеуметтік желіде көмек сұрап хат жазатын адамдар қатары көбейді. Бәріне бірдей көмектесе алмасам да, қолымнан келгенше аянбай қол ұшын созамын, – деді журналист Назгүл Алмабекқызы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: