Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Елімізде 13 әуежай салынады

21.04.2020, 10:43 482

HALYQLINE.KZ –| Алдағы бес жылда Қазақстанда 13 әуе айлағы салынады.

– Биыл біз Түркістан қаласындағы жаңа жолаушылар терминалын іске қосуды жоспарлап отырмыз. Үржар қаласының әуежайын қайта жаңартуды бастаймыз. Сондай-ақ, Шымкент қаласында әуежайдың жаңа терминалы құрылысы мен Орал қаласы әуежайының аэровокзал кешенін қайта жаңарту жалғасады, – деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Үкіметтің онлайн отырысында.

Оның айтуынша, қаржы бөлінген жағдайда Өскемен және Үшарал әуежайларының ұшу-қону жолақтарын қайта жаңарту жұмыстары басталады.

Айта кетейік, алдағы бес жылда 13 әуе айлағын салу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта жергілікті әуе желілеріндегі үш айлақ – Үшарал, Үржар, Зайсанда жұмыс істеп тұр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: