Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жайлы мектеп: Жанқожа батыр ауылында 300 орындық мектеп салынуда

08.04.2024, 15:40 97

HALYQLINE.KZ

Қазалы ауданында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2 білім ордасының іргетасы қалануда. Соның бірі – ауданға қарасты Жанқожа батыр ауылында 300 балаға арналған мектеп. Құрылысы 2023 жылдың қыркүйек айында басталған бұл мектеп биыл ел игілігіне пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Аталмыш нысанның жауапты мердігері – «Аңсар» ЖШС. Бұл білім ордасында балалардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалып, қауіпсіздік толық қамтылатын болады.

– Қазіргі таңда мектеп құрылысы қарқынды жүруде. Жалпы, бұл мектеп 2 қабаттан тұрады және ішінде спортзал, асхана, кітапхана және басқа да арнайы кабинеттер қамтылған. Сондай-ақ, мектеп ауласында оқушылар үшін арнайы ойын алаңдары салынады. Бұдан бөлек, жарық шамдарда да орнатылатын болады. Бұл нысанды биыл табыстауды жоспарлап отырмыз, – деді «Аңсар» ЖШС қызметкері Амантай Рамазан.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің айтуынша, Қазалы ауданындағы Әйтеке би кентінде де «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 600 орындық білім ордасының құрылысы жүріп жатыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: