Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сенат активтерді қайтару заңын мақұлдады

29.06.2023, 16:49 252

HALYQLINE.KZ

Бүгін сенат депутаттары сессияның қорытынды отырысын өткізді. Енді олар жазғы демалыс кезінде халықпен кездесулер өткіздеді. Депутаттар бұл отырыста заңсыз иемделінген активтерді қайтару және онлайн-платформалар туралы заңдарды мақұлдады.

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, қайтарылған активтер еліміздегі жобаларды қаржыландыруға қызмет етеді.

«Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы заңдар топтамасы Мемлекет басшысының елдік мүддені көздеген бастамасын іске асыру мақсатымен әзірленді. Қаралған заңнамалық актілер заңсыз шығарылған активтердің шығу тегін ашуға, растауға, оларды қайтаруға және активтерді мемлекет пен ел мүддесі үшін қолдануға қажетті құқықтық тетіктерді айқындайды. Қайтарылған активтер Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыруды көздейтін әлеуметтік және экономикалық жобаларды қаржыландыру үшін қолданылу қажет. Жалпы, мақұлданған заңдар Әділетті Қазақстан құру жолында жасалған тағы бір нақты қадам екені сөзсіз», – деді Мәулен Әшімбаев.

Еске сала кетсек, 14 маусымда мәжіліс «Заңсыз алынған активтерді елге қайтару туралы» заң жобасы екінші оқылымда мақұлданып, сенатқа жолданған болатын. Онда бұл заңның олқы және пайдалы тұстары сөз етілген.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: