«Анклав деген ұғым бар, бір мемлекеттің ішіндегі мемлекет дегенді білдіреді. Сол сияқты «Самұрық-Қазына» жемқорлықтың ордасы ретінде құрылғаны болмаса, басқа ешқандай қажеті жоқ құрылым болатын. Басқаша айтқанда, ол нағыз монополист болып отыр. Оны ұлттық әл-ауқат қоры деп атайды, бірақ оны ұрлық қоры десек қателеспейміз. Бос шығынның барлығы осы мекемеге байланысты болып отыр. Бір үкімет, ұлттық экономика болған соң оны бөліп-жарудың қажеті қанша? Бұл сөз жүзінде экономика үшін құрылғанымен, шын мәнінде клептократиялық ұры биліктің өзін-өзі жарылқап, өзін-өзі қаражатпен қамтамасыз ететін тетігі. Әр салаға жауапты министрліктер бар, экономика, өндіріс министрлігі жұмыс істеп тұр. Ендеше, солардың жұмысын қайталайтын «Самұрық-Қазынаның» не қажеті бар? Оны дәл қазір таратып жіберсе де, ештеңе өзгермейді».
Жанкелді Шымшықов,
экономист
«Жас Алаш» газетіне берген пікірінен
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!