Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Құрылыс сапасы – басты назарда

26.01.2022, 8:40 1133

HALYQLINE.KZ

«Құрылыс сапалы салынып, мерзімінде аяқталуы қажет».          Қазалыдағы құрылыс нысандарын мәслихат хатшысы Бақытжан Жарылқаппен бірге аралап, жұмыс барысымен танысқан аудан әкімі Мұхтар Оразбаев сөзін осылай деп түйіндеді.

Аудан басшысы алдымен Әйтеке би кентінің Достық көшесінен салынып жатқан 250 орындық мектеп құрылысы басында мердігер мекеменің жауапты қызметкерлерімен кездесті. Өткен жылы басталған білім ордасының құрылысы қазіргі таңда қарқынды жүргізілуде. Атап айтар болсақ, «А, Б, В» блоктары бойынша бірінші қабат қабырғаларының кірпіші өріліп, плитасы жабылды. В блогы бойынша екінші қабаттың қабырғаларына кірпіші қаланып, төбе жабынына плита төсеу жұмыстары жүргізілуде.Сонымен қатар, «Г» блогы бойынша іргетас табаны мен іргетасын монтаждау жұмыстары жүріп жатыр.

Мұнан соң Мұхтар Әуесұлы Қ.Пірімов ауылына жол тартып, спорт кешенінің құрылысын көрді. Мердігер мекеме жауапты қызметкерінің айтуынша, спорт кешені ғимаратының қабырға кірпіші өріліп, әкімшілік ғимараты блогының төбе шатыры жабылған. Сонымен қатар спорт зал блогының төбе жабынын жабу жұмыстары мен ішкі сылақ жұмыстары жүргізілуде. Ал, сыртқы жұмыстардан КТПН қондырғысы монтаждалып, ауызсу құбырлары жүргізілген.

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев мердігер мекеме мен тиісті сала басшыларына ең бірінші сапаға мән беруді, құрылыс жұмыстары белгіленген мерзімде аяқталуы тиіс екендігін қадап тапсырды.

Жұмабек  Табынбаев,

Қазалы  ауданы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: