Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

ҚазМұнайГаз бен Air Liquide бірлескен жобаға қол қойды

09.06.2023, 17:49 148

Астана халықаралық форумы барысында «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС (ПМХЗ) мен «Эр Ликид Мұнай Тех Газы» ЖШС (ЭЛМТГ) арасында сутегі өндіретін қондырғы салу туралы келісімге келді. Құжатқа «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев пен Францияның «Air Liquide» химия компаниясының президенті Франсуа Жаковтың кездесуі қорытындысы бойынша қол қойылды.

«Біз әлемдегі өнеркәсіп, денсаулық сақтау және қоршаған ортаны қорғау саласы үшін газ өндіретін көшбасшы компания «Air Liquide-пен»  серіктестікті жоғары бағалаймыз. Біздің үш зауытта — ПМХЗ, АМӨЗ және KPI-да 5 жобаны бірлесіп табысты іске асыруымыз осының дәлелі бола алады. Сутегі мен азотты жеткізуге 20 жылға дейінгі ұзақ мерзімді келісімшарттар жасалды», — деп атап өтті М.Мырзағалиев.

ПМХЗ мен бірлескен ЭЛМТГ компанияларының арасындағы бұл келісім зауытта жылына 160 мың тоннаға дейін көлемде қысқы дизель отынын өндіруге мүмкіндік беретін сутегі өндірісінің жаңа қондырғысын салу жобасына бастама береді. Болжам бойынша жоба құны — 80 миллион еуро.

ҚМГ мен «Air Liquide Eastern Europe S.A.» арасында ынтымақтастық туралы келісімге былтыр қарашада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға ресми сапары кезінде француз іскер топтарының өкілдерімен кездесу барысында қол қойылған.

«Эр Ликид Мұнай Тех Газы» ЖШС — Air Liquide пен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компанияларының бірлескен кәсіпорны 75-те 25 пайыздықдық үлеспен 2016 жылы құрылған. Компания 2018 жылдан бастап Павлодар мұнай-химия зауытында, 2021 жылдан бастап Атырау мұнай өңдеу зауытында сутегі мен азот өндіру қондырғыларының жұмысын табысты жүргізіп келеді. Одан бөлек, ЭЛМТГ 2021 жылдан бастап Атырау қаласы маңындағы Қарабатанда жаңадан салынған азот өндіру қондырғысында өнеркәсіптік өндірісті бастаған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: