Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстанда брендтік аяқ киімнің бір айдағы көлемі 80%-ға артты

13.04.2023, 17:26 238

2023 жылдың 1 сәуірінен бастап елімізде аяқ киім өнімдерін таңбалау мен қадағалау ережелері толық күшіне енді. Енді бұдан былай тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесінде (ТТҚ АЖ) тіркелмеген аяқ киімді сатуға тыйым салынады. Бұл туралы halyqline.kz Индустрия және инфрақұрылымдық даму  министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Кейінгі деректер бойынша биыл наурызда 6 145 348 аяқ киім таңбаланып, бұл ақпан айындағы көрсеткіштен 80%-ға (3 365 438) жоғары. Сонымен қатар 2022 жылмен салыстырғандатауарларды таңбалау мен қадағалаудыңақпараттық жүйесіндегі бизнестің белсенділігі46%-ға ұлғайғаны байқалып отыр.

Міндетті таңбалау процесіне алдын ала дайын болу үшін кәсіпкерлерге екі жылдан астам уақыт берілді: 2019 жылдың 30 маусымында қанатқақты жоба іске қосылса, 2021 жылдың 1 қарашасында аяқ киімді таңбалау ережелері бизнеске көптеген жеңілдігі қарастырылған заңнамалық ережеге айналды.

Тауарларды таңбалау мен қадағалау жүйесінің негізгі мақсаты – Қазақстанда ашық сауданыдамыту. Жоғарыда аталған ақпараттық жүйеде (ТТҚ АЖ) аяқ киім өнімдерінің картасын тіркегенсоң оған қатысты ақпарат пайда болады. Соның негізінде өнімнің бірегей таңбалау коды қалыптасады. Сол арқылы әр аяқ киімнің данасыжеке, яғни бөлек қадағаланады.

«Біріншіден, таңбалау процесітұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған. Бұл арқылы сатып алушы қажетті өнім туралы толық ақпаратқа қанығып, таңдау құқығын иеленеді. Таңбалау мен қадағалаудың екінші маңызды мақсаты – көлеңкелі экономиканы тежеу. Яғни, заңсызимпортты және оған қатысты нарықты жою көзделіп отыр», деді QazTextileIndustry (дербес басқару ұйымы) ұлттық жеңіл өнеркәсіп қауымдастығының басқарма төрағасы Гүлмира Уахитова.

Былтыр елімізде қаңтар-наурыз аралығында 223,9 мың дана аяқ киім шығарылса, биыл оның мөлшері 421,5 мыңға жеткен. Өндірістік динамика 88%-ға артқан.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда цифрлы таңбалау мен қадағалау тетігі 3 өнім түрлеріне қолданылып келеді. Атап айтсақ, 2020 жылдан бастап темекі өнімдеріне, 2021 жылдың қарашасынан бастап аяқ киім өнімдеріне, сондай-ақ былтырғы қараша айынан бері 90 дәрілік затқа қолданылып жатыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: