Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстан билігі 400-дей азаматты «тақырға отырған» деп таныды

06.09.2023, 15:10 137

HALYQLINE.KZ

Қазақстанда 4 қыркүйектен бастап 309 адам банкрот деп танылған. Олардың қарызы 435 млн теңге болған.

Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті мәліметті Бірінші несие бюросына сілтеме жасай отырып таратты.

«Тақырға отырғандар» арасында мемлекеттік әлеуметтік көмек алатын 22 азамат бар. 232 адам несие берешегін бес жылдан астам уақыт бойы төлей алмаған.

Бірінші несие бюросының мәліметінше, банкрот болған адамдардың ең үлкені – 64 жаста, ең жасы – 23-те. Тізімдегі бір адамның қарызы 106,5 миллион теңге болған. Бір азамат 48,5 мың теңге берешегі үшін банкрот деп танылған.

«5 қыркүйектегі мәлімет бойынша, банкроттыққа 64,6 мың арыз түскен. Бірақ олардың басым бөлімінің арызы (51,4 мың) қабылданбаған» деп хабарлады комитет.

Заң бойынша, бұл азаматтар қарыздан босайды. Бірақ ол бес жыл бойы жаңа несие ала алмайды.

Бірінші несие бюросының мәліметінше, 2023 жылдың басында кепілсіз несие көлемі 7,4 триллион теңгеге жеткен.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: