Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қаржылық ұйымдарға 127,3 млн теңге айыппұл салынды

15.02.2021, 11:10 345

HALYQLINE.KZ Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуы тұрғысынан қаржы ұйымдары жол берген бұзушылықтарды мониторингтеу және талдау
шеңберінде ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) қаржы ұйымдарына тиісті ықпал ету шараларын және әкімшілік жаза қолданады.

Мәселен, 2020 жылы екінші деңгейдегі банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, коллекторлық агенттіктерге және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты 127,3 млн теңгеден асатын сомаға 103 қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шарасы, 276 жазбаша ұйғарым және 253 әкімшілік жаза қолданылған. Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіның баспаосөз қызметі хабарлады.

І. Екінші деңгейдегі банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты ықпал ету шаралары туралы да ақпарат бар. Қаржылық қызмет тұтынушыларының құқықтары мен заңды мүдделерін бұзғаны үшін агенттік 2020 жылы:
– 94 қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шарасын;
– 4 жазбаша ұйғарым;
– 75 әкімшілік жаза қолданды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: