Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қаржылық сауаттылық қадамдары түсіндірілді

16.09.2022, 15:45 238

HALYQLINE.KZ

Бүгін «Самұрық-Қазына» қорының өкілдері Қызылорда облысы тұрғындарымен және жергілікті өндірістік компания қызметкерлерімен кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру науқанын өткізді. «KASE-де IPO-ға қалай инвестиция салу керек?», «Қалай инвестор болуға болады?», «IPO-да табыс табудың жолдары қандай?», «Қазақстан ұлттық компанияларының IPO-сына қалай қатысуға болады?» деген сұрақтар аясында еліміздің 60-тан астам қаласында кездесу жоспарланған.

Жиынға «Самұрық-Қазына» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «Қазпошта» АҚ, «AIX» және «KASE» қазақстандық қор биржаларының және брокерлік-дилерлік ұйым өкілдері қатысты. «Самұрық-Қазына» АҚ мақсаттарының бірі – еліміздің ірі компанияларының IPO-сына қатысуды барлық қазақстандықтар үшін қолжетімді ету.

Кездесуде «ҚазМұнайГаз» АҚ қаржылық департаментінің аға маманы Нұрдаулет Мұхамедиярұлы «ҚазМұнайГаз» «Ұлттық компанияның кәсібі», «Astana International Exchange Ltd» сарапшысы Сайран Мұратұлы «AIX» және табыс», «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының өкілі Дамир Ғабитұлы «Қор мен үкіметтің IPO барысындағы жұмысы», «Halyk finance» акционерлік қоғамының сату менеджері Шолпанай Серікқызы «Акция түсінігімен таныстыру, брокерлік шотты ашу және IPO-ға қатысудың басты қадамдары» тақырыптарында баяндама жасады.

Қор өкілдері мен іс-шараның өзге де қатысушылары жекешелендіру бағдарламасының іске асырылу барысымен және портфельдік компаниялардың IPO-сымен таныстырды. Сонымен қатар, бірінші IPO-кандидат – «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы жайында, бағалы қағаздар нарығындағы инвестициялаудың механизмдері мен тәуекелдері туралы негізгі ақпаратпен бөлісті. Кездесу соңында жиналған қауыммен сұрақ-жауап алмасты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: