Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қаладағы Яссауи көшесін жаңғырту басталды

05.04.2024, 8:30 87

HALYQLINE.KZ

Биылғы жылы да аймақ басшысының қолдауымен қалада ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Соның бірі Қожа Ахмет Яссауи көшесін қайта жаңғыртуға арналады. Яғни, ұзындығы 3 шақырымға жуықтайтын көше 4 жолақтыға ауыстырылады. Жаяу жүргіншілер жолы түсіп, толығымен жарықтандырылады.

Аталған жоба бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары 6 наурыздан бастап «Қыран» ЖШС-мен жүргізілуде. Жоспар бойынша қайта жаңғырту жұмыстары күз айына дейін аяқталады.

Айта кету керек, қайта жаңғыртудан өтетін көшенің бойы қосымша абаттандырылады.

Жалпы, биыл Қызылорда қаласында жалпы ұзындығы 46,234 шақырымды құрайтын 35 көшеге орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Қазіргі таңда аталған 35 көшенің ішінде С.Мұқанов көшесіне орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. Мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы жеңімпаз атанған мердігер мекеме «Қыран» ЖШС-мен Қазақстан көшесінде жөндеу жүргізілуде.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: