Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Өңірлерге қаражат не үшін бөлінеді?

25.08.2020, 11:30 323

HALYQLINE.KZ Бүгін өткен Үкіметтің селекторлық отырысында «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң жобасы қаралды. Жиында ҚР қаржы министрі Е.Жамаубаев жобаның негізгі бағыттары бойынша баяндама жасады.

Заң жобасы экономикалық өсімнің баяулауы және әлемдік тауар нарықтарында қолайсыз конъюнктура жағдайларында ел экономикасының 2025 жылға дейінгі даму болжамы негізінде әзірленді. Бюджет жобасын қалыптастыру кезіндегі басым міндеттер – мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін қамтамасыз ету және мемлекеттік инвестициялардың қолайлы деңгейін сақтау. Әзірге 2021 жылға түсімдер 11,4 трлн теңге деңгейінде болжанып отыр.

 – Экономиканың нақты секторының дамуын қолдауға 2021 жылға 1,7 трлн теңге көзделді. Осы қаражат аясында «Нұрлы жол», «Нұрлы жер», агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, индустриялық-инновациялық даму мен «Бизнестің жол картасы – 2025» және тағы басқа бағдарламаларды іске асыру жалғасады. 2021 жылы өңірлерге республикалық бюджет қаражаты есебінен 3,8 трлн теңге бөлінеді. Оның ішінде ағымдағы нысаналы трансферттері – 1,4 трлн теңге, даму трансферттері түрінде 405 млрд теңге көзделді, – деді бас қаржыгер Е.Жамаубаев.

Республикалық бюджеттің кірістері (трансферттерді есептемегенде) 2021 жылы 6,9 трлн теңгені, 2022 жылы 8,6 трлн теңгені, 2023 жылы 9,2 трлн теңгені құрайды деген дерек бар.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: