Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Электр энергиясы қымбаттайды

03.08.2023, 11:00 224

Электр энергиясына да үнем керек. Өйткені оның да бағасы қымбаттап жатыр. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығымен бекітілген қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларының талаптарына сәйкес алдағы уақытта реттелетін қызмет бағаларының көтерілетіні туралы халыққа хабарлап отырады. Өткен аптада Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қызылорда облысы бойынша департаментінің жария тыңдауы өтті. Оған депутаттар, жергілікті атқарушы және мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және тұтынушылар қатысты.

Тариф қымбаттады деп жұрт байбалам салып жатыр. Халық­тың да қалтасы қалың емес. Оларды да түсінуге бола­ды. Айлық   табыс тамақ пен тарифтерді  түгендеуден артыл­май  қалады. Қымбаттау себебін сұрасаңыз айтайық. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 26 ма­мыр­дағы №192 бұйрығына сәйкес, 2023 жылдың 1 маусы­мынан бастап энергия өндіруші станциялардағы электр энер­гиясының құны 7,7%-дан 24,7%-ға дейін артқан. «Қызыл­орда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ-ның электр энергиясын  беру  тарифі 16,2%-ға, жабдықтаушы үстемеақы мөлшері 1 кВт сағатқа 0,87 теңгеден  1,37 теңгеге неме­се 57,5%-ға дейін көбейген. Енді осы жылдың 30 шілдесінен бастап «Энергосервис» ЕЖШС электр энергиясымен жабдықтау қызметінің бағасын алдағы уақытта көтеретіндігін жеткізіп  отыр.

Сайып келгенде «Энергосервис» ЕЖШС-нің электрмен жабдықтау  қызметінің жобалық орташа босату бағасы ҚҚС-мен 1 кВт сағатқа 24,81 теңгені құрады. Қазір департамент тарапынан бағалардың өзге­руін негіздеуге ұсынылған құжаттарға сараптама жүргізілуде. Жария тыңдаудың қорытындысы  бойын­ша айтылған ес­кертпелер мен ұсыныстарды ескере отырып, соңғы шешім осы жылдың 17 тамызында  қа­былдан­ады.

Ә.АЛДАБЕРГЕН

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: