Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Халық кедейшілікке және кредитке батып қалды

09.06.2021, 11:55 307

HALYQLINE.KZ

Қымбатшылық халықты әбден басып кетті. Адамдар тіпті тамақты сатып алу үшін кредит алып отыр. Ауылдағы дүкендер халыққа азық-түлікті қарызға беріп жатыр. Ал халық кедейшілікке және кредитке батып қалды.

Ешқандай экономикалық реформа жүріп жатқан жоқ. Экономика министрін ешкім көрген де жоқ, естіген де жоқ. Экономика министрі бізде бар ма өзі? Реформа кеңесі де жұмыс атқарып жатқан жоқ. Уақыт өтіп барады, ал экономикалық реформа басталған да жоқ. Баяғы жартас – сол жартас.

Экономикамен 20 жыл бойы айналысатын ескі кадрларын қуып шығып, жаңа кадрларын жұмысқа тарту керек. Өз басым айтам, мені шақырса, мен нағыз экономикалық реформаны жүзеге асыру үшін барар ем. Бірақ қайдам, мен барсам нағыз реформа басталады ғой, ал оған олигархат қарсы…

Мұхтар  Тайжан.

Facebook-тегі парақшасынан алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: