Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

БҰҰ көмірден бас тартуға шақырды

03.03.2021, 17:15 575

HALYQLINE.KZ

Ең лас қазба отын болғанмен, бағасы күннен-күнге шарықтап бара жатқан көмірден бас тартатын кез келді, – деп хабарлайды БҰҰ-ның ресми сайты.

Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш көмір шахталарын жабуды ұсынып, сонымен бірге шахтерлар мен көмірмен жұмыс істейтін электр станцияларының жұмысшыларын жұмыспен, соның ішінде жаңартылатын энергия көздерін дамыту арқылы қамтамасыз етуді ұсынды.

Ұлыбритания мен Канада ұйымдастырған энергетикада көмірді пайдалану жөніндегі кеңесте сөз сөйлеген БҰҰ басшысы қоршаған ортаның ластануын азайту және температураның 1,5°C-тан жоғары көтерілмеуін күшейтуге шақырды.

 – Энергетика саласындағы көмірді тоқтату – бұл біздің мақсатымыздағы температураны Цельсий бойынша 1,5 градустан жоғары ұстауға бағытталған маңызды қадам. Әңгіме электр энергиясын өндіруде көмірді пайдалануды 2030 жылға қарай 2010 жылмен салыстырғанда 80 пайызға азайту туралы, – деді Антонио Гутерреш.

Сондай-ақ, дүниежүзінде ауаның ластануы салдарынан өлім-жітімнің одан әрі көбеюіне себеп болатынын айтты. Бүкіл өңірлерде көмірдің арқасында арзан электр қуаты мен тұрақты жұмыс орындары болған күндерді ұмытып, жаңартылатын көздерден электр энергиясын алу тиімдірек деп санайды.

 – Қазір барлық нарықта көмірмен жұмыс істейтін жаңа электр станцияларына қарағанда жаңартылатын энергия көздерін пайдалану арқылы жаңа қуаттарды құру арзанға түседі, – деп атап өтті Бас хатшы.

Халықаралық энергетикалық агенттіктің мәліметтерін келтіре отырып, Гутерреш Қытай мен Үндістан сияқты елдерде жаңа күн электр станцияларын салу құны қолданыстағы көмірмен жұмыс істейтін электр станцияларын жұмыс істеуге қарағанда аз екенін айтты.

Осылайша БҰҰ басшысы электр энергиясының көзі ретінде көмірден түбегейлі бас тартуға уақыт келді деп санайды. Мұны үш басым бағыт бойынша кезең-кезеңмен жасау керек.

 – көмірмен жұмыс істейтін электр станцияларын салу бойынша барлық жоспарланған жобалардың күшін жою және көмірге тәуелділікті тоқтату;

 – көмірмен жұмыс істейтін электр станцияларын халықаралық қаржыландыруды тоқтату және инвестицияларды жаңартылатын энергия көздері жобаларына ауыстыру;

 – шахталардағы жұмыс орындарын жоғалту мәселесін шешетін таза энергия көздерін дамыту арқылы жаңа жұмыс орындарын құру.

БҰҰ басшысы G7 мүшелері маусым айындағы саммитінде электр энергетикасы саласындағы көмірге тәуелділіктен бас тарту жоспарларын жариялайды деп үміттенетінін айтты. Ол бүгінде көмірге тәуелділікті еңсеруге және тұрақты, экологиялық таза дамуға бағытталған инновациялық бизнес арқылы өркендейтін экономика құруға барлық мүмкіндіктер барына сенімді.

Материал орыс тілінен аударылды

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: