Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аудан әкімі «Аралтұз» АҚ директорын қабылдады

02.02.2024, 8:30 182

HALYQLINE.KZ

Кеше аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев «Аралтұз» акционерлік қоғамының жаңадан тағайындалған зауыт директорын қабылдады. Аудандағы ірі өндіріс орнының басшысы кездесуде алдағы уақытта жүзеге асыратын жоспарларымен таныстырып, жобалары туралы айтты. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Аралтұз» АҚ-ның зауыт директоры болып Айдос Жиенбаев тағайындалған. Ол бұған дейін еліміздегі мұнай және құрылыс компанияларында, өндіріс орындарында басшылық лауазымдарда қызмет еткен.

Аудан әкімі зауыттың жаңа директорына кәсіпорында күрделі мәселелердің қалыптаспауын, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін сезіне білуді тапсырды. «Біз ең алдымен өңірдегі алпауыт кәсіпорынның тұрақты жұмыс істеуіне күш салып, ықпал ететін боламыз. Сіздер де өз кезектеріңізде қызметкерлер үшін жалақы мен әлеуметтік төлемдердің уақытылы төлеуіне баса мән берулеріңіз қажет. Сондай-ақ әлеуметтік міндеттемелерді орындау, Жақсықылыш кентінің дамуы бойынша өзара әріптестік қатынаста бірлесе еңбек етуге шақырамын», – деді.

Компания басшылығы соңғы уақытта жалақыға қарызды болдырмау бойынша тиісті шаралар қабылдаған. Жыл басында қызметкерлерге сыйақы тағайындап, еңбекақыны 10-16 пайыз аралығында өсіргендігін жеткізді.

Айта кетейік, «Аралтұз» компаниясы – тұз өндірудегі елдегі жетекші кәсіпорын. Аудандағы 1200-ге жуық адамды жұмыспен қамтып отырған іргелі мекеме.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: