Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Атырау Дубайдан 4 есе көп мұнай өндіреді

05.06.2023, 9:50 150

HALYQLINE.KZ

Біріккен Араб Эмираты:

Халқы – 10 миллионға жуық.

Орташа жалақы: мұнайшы – 3000 000 теңге, дәрігер – 900 000 теңге, мұғалім – 900 000 теңге, зейнетақы – 700 000 теңге.

Ең жоғарғы айлық тек өз азаматтарына тиесілі. Шетелдіктерге мұндай айлық жоқ. Ал азаматтық алуға заң бойынша 75 жыл керек.

Арабтар 1980 жылға дейін құм даланың көшпенді бәдеуейлері болды. Оларда «Мұнай дәуірі» 1980 жылдан басталады. Араб Эмираты мұнай өндіруден 7-орында тұр. Мемлекет жылына 68-70 млн тонна мұнай өндіреді. Соның ішінде Дубайдың үлесі – 10 млн тонна.

Ал, еліміздегі Атырау 40-41 млн тонна мұнай өндіреді, яғни Дубайдан 4 есе көп. Маңғыстау 18,4-20 млн тонна, яғни Дубайдан 2 есе көп, ал Қызылорда 8-8,5 млн тонна, Дубайдан сәл аз мұнай өндіреді. Елімізде 5 мұнай өндіруші облыс бар. Тек Атырау мен Маңғыстаудың өзі ғана жалпы Араб Эмиратының өндіретін мұнайын шығарып тұр. Яғни жылына 68 млн тонна.

Егер тек мұнайдың табысы еліміздің бюджетіне түссе, халық салықтардан босатылады, айлық өседі, көптеген өндіріс орны ашылады, сырттан қарыз алу тоқтатылады, болашақ ұрпаққа «Алтын қор» жиналады. Осы әдісті Араб Эмираты, Сауд Арабиясы, Норвегия және т.б. мұнай өндіруші елдер қолданып отыр.

Араб Эмиратында біздегідей көмір, уран, темір, мыс, алюминий және т.б. Менделеев таблицасындағы металдар кездеспейді. Жері құмды, бидай, көкөніс кейбір мал шаруашылығына жарамсыз. Және бастысы тұщы су өте аз. Бірақ мемлекет тек мұнай, газ есебімен ғана 20 жыл ішінде көтерілді.

Online  Qazaqstan  парақшасынан  алынды.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: