Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жел Қызылорданың «өкпесін» тазартып тұр

24.02.2020, 16:23 692

Сайлаубай Жұбатырұлы, жазушы-эколог:

– Жалпы, ауа ластануы мен тазалығы туралы жиі айтып жүрмін. Ара-тұра солтүстіктен, кейде батыстан екпіндеп соғатын желді жақтырмайтынымыз рас. Түптеп келгенде, Қызылорданың «өкпесін» тазартып тұрған – жел. Будақтап, қалықтап жүрген түтінді жел әкетіп, ауаны тазартып тұр. Аймақтың ауа райын жақсы дейтін себебіміз де осы. Табиғаттың жазылмаған заңына бағынатын құбылыс осылайша халықты үлкен зардаптан құтқарып тұрғанының өзі неге тұрады?! Бұрынғыдай көмір жағып, қап-қара түтінмен будақтатып жатқан халық аз. Тіршілігіміздің басты қайнары саналатын ауа, су, жердің ластануы табиғат пен тірі организмге тікелей әсер ететін ахуал. Қызылорданың шаңы көкке көтерілетіні рас, су проблемасы да бар, бірақ ауа тазалығы жөнінен жақсы деп айта аламыз.

«Ауа сапасы қауіптің қызыл деңгейінде ме?» http://halyk-gazeti.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=10485:2019-03-21-04-09-50&catid=6:2011-11-18-09-03-06&Itemid=6 тақырыбындағы мақалаға берген пікірі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: