Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Н.Нәлібаев: «Су көлемін төмендетпеуге жұмыс істедік»

01.08.2022, 15:00 633

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев аймақтың бас басылымы «Сыр бойы» мен «Кызылординские вести» газетінің бас редакторларына өңірдің даму жоспарлары туралы кең көлемде сұқбат берген болатын. Осы сұхбаттың үзінділерін жариялағанды жөн көрдік.

– Сырдария өзенінің жағдайына байланысты аянып жатқан жоқсыз. Алдағы уақыттан не күтуге болады?

– Өздеріңіз жақсы білетіндей, Сыр өңірінің экономикалық және экологиялық жағдайы, халқының тыныс-тіршілігі Сырдария өзенінің деңгейіне және Арал теңізінің жағдайына тікелей байланысты.

Сырдарияның 90%-дан астам суы республикадан тыс жерлерден келетінін ескерсек, жоғары ағыста орналасқан мемлекеттер мен өңірлердің ұстанымына еріксіз тәуелдіміз.

Өкінішке қарай, кейінгі жылдары Сырдария өзені бассейніндегі су көлемі жыл сайын азайып келеді.

Жыл басында күріш көлемін 64 мың гектарға түсіру жоспарланған, алайда біз ондай қадамға барғанымыз жоқ. 78,4 мың гектар көлемінде қалдырдық. Мұндай тәуекелге бару үшін суды тиімді пайдалану, егістікті кезектесіп суару, қашыртқыдағы суды екінші қайтара пайдалану жағын ойластырдық. Үкімет резервінен бөлінген 3,6 млрд теңге қаржы есебінен биыл 52 ұңғыманы қазып, 162 каналды тазалап, 156 насос қондырғыларын орнатудамыз.

Сонымен қатар, ел Президентіне, Үкіметке, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне орын алған жағдайды баяндап, тиісінше қолдау жасалып, жоғарыдан алатын су көлемін төмендетпеуге жұмыс істедік. Суды үнемдеу мақсатында жаңбырлатып, тамшылатып суару әдістерін қолдану арқылы биыл егін көлемін 607 гектарға жеткіздік. Ал, 2025 жылға дейін мұның көлемін 17,2 мың гектарға дейін арттыру жоспарымыз бар.

Арал теңізінің жағдайын сауықтыруға ерекше назар аудару қажет. Сырдарияның жоғары ағысында орналасқан көршілермен су бөлісу бойынша келіссөздер жүргізген кезде Аралдың жағдайы назардан тыс қалмауы абзал. Сонымен қатар, «Көкарал» бөгетін жөндеу және Сырдария өзенінің Кіші Аралға құяр атырабын қалпына келтіру жобасын биылдан қалдырмай бастау қажет.

Кіші Аралдың көлемін ұлғайту жұмыстары жалғастырылады.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың

«Халықтың әл-ауқатын көтеру – біздің негізгі міндетіміз»

атты сұхбатынан үзінді

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: