Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Егіске дайындық басталды

28.03.2023, 9:20 83

HALYQLINE.KZ Күн жылып, жердің тоңы жібіген кезде басталатын жыл сайынғы көктемгі егіс дала жұмыстары Арал өңірінде биыл да қарқын алды. Ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыруға сәйкес, биыл егістік көлемін 1500 гектарға орналастыру жоспарланып отыр. Оның 21 гектары – картоп, 87 гектары – көкөніс, 342 гектары – бақша, 238 гектары – ескі жоңышқа, 460 гектары жаңа жоңышқа және 352 гектары – басқа дақыл түрлері.

Ауданда осыған орай көктемгі егіс-дала науқанына ауыл шаруашылығы техникаларын дайындау жұмыстары мен егіс алқабын қалыпқа келтіру жұмыстары жүруде. Мәселен 25 наурыздан бастап Ақирек және Бөген ауылдық округтеріндегі шаруа қожалықтары көктемгі егіске дайындық жұмыстарына кірісіп, жер жырту жұмыстарын бастады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: