Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Дрон ұшыруға тыйым салынды

22.07.2026, 17:20 61

Ақтау қаласында 22-26 шілде аралығында пилотсыз әуе кемелерін, яғни дрондарды ұшыруға уақытша тыйым салынды, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Қала әкімдігінің мәліметінше, шектеу оқу-жаттығу іс-шараларын өткізуге байланысты қабылданған.

Әкімдік Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация комитетінде тіркелмеген және белгіленген тәртіппен есепке қойылмаған дрондарды пайдаланған азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

Мұндай жағдайда құқық бұзушылар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 563-бабына сәйкес жауапқа тартылып, айыппұл салынады.

Фото: wikipedia.org

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: