Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Дендро» саябақ қайта қалпына келтірілмек

27.04.2020, 20:57 896

HALYQLINE.KZ –| Жосалы кентінің орталығында орналасқан «Дендро» саябағы қайта қалыпына келтіріліп, жаңа ағаш көшеттер отырғызылуда.

Өздеріңізге белгілі, аудан әкімі Мұса Оспанұлы басшылыққа келгеннан бастап осы саябақты қалпына келтіру мен абаттандыру жұмыстары бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар беріп, тазалық жұмыстарын қолға алған болатын.

Осы игі бастамаларды көркейту-көгалдандыру мақсатында Жосалы кенті әкімшілігінің басшылығы мен «Қармақшы тазалығы» мекемесінің қызметкерлері де жалғастырды.

Көп уақыттан бері қараусыз қалып, орны тұзға айналған жерді, қайта өңдеп құнарландыру мақсатында тыңайтқыштар себілді. Арнайы техникамен тегістеліп, айналасы қоршалып, аяқ-су келетін арықтары қайта қазылып, бастапқы қалпына келтірілуде.

Бүгінгі күні саябаққа 8 мыңға жуық ағаш көшетін отырғызу жоспарланса, қазіргі таңда жас ағаш көшеттерінің 6 мыңға жуығы отырғызылды. Жергілікті табиғат жағдайларына төзімді сыр талы, қара ағаш түрлерімен бірге жеміс ағаштары да отырғызылды.    

Игі жұмыстар жүргізіліп, қалпына келтірілген демалыс орнын көздің қарашығындай сақтау, оларды бүлдірмеу – Жосалы кентіндегі әрбіріміздің азаматтық борышымыз екенін ұмытпасақ екен.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: