Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Даңқты дизайнердің жазбасы әлемді жылатты (Видео)

26.07.2023, 9:45 375

HALYQLINE.KZ Сән индустриясында әлемге танымал дизайнер және ықпалды блогер Крисда Родригез 40 жасында асқазандағы қатерлі ісіктен қайтыс боларының алдында былай депті:

1. Гаражда әлемдегі ең қымбат көлігім бар еді, енді қоларбаға отыруым керек болды.

2. Менің үйім фирмалық киімдер мен аяқкиімдерге, сонымен қатар құнды заттарға толы, бірақ, қазір тәнім ауруханада берген екі құлаш матаға ораулы.

3. Банкте ақшам көп. Бірақ, қазір мен оны ешқашан ұстай алмаймын.

4. Менің кең сарайдай үйім бар, бірақ, қазір аурухананың төсегінде ұйықтаймын.

5. Бес жұлдызды қонақ үйден бес жұлдызды қонақ үйге барушы едім. Ал қазір ауруханада уақыт өткiзудемін, бір зертханадан екiншiсiне ауысып жатырмын.

6. Жүздеген адамға қол қойдым, бірақ, бұл жолы медициналык жазбаларда менің қолтаңбам.

7. Шашымды сәндейтін жеті шаштаразым бар еді, қазір басымда шаш та жоқ.

8. Бұрын жеке ұшақта кез келген жерге ұшатын едім, бірақ, қазір аурухананың қақпасына жету үшiн екi көмекші керек.

9. Асты жақсы ішетінмін, ал қазір диетамда күніне екі таблетка мен кешке тұзды судың бірнеше тамшысы ғана.

Мына үй, мына көлік, мына ұшақ, мына жиһаз, мына банк, тым көп атақ пен даңқ, маған енді ешқайсысы да көмектеспейді.

Өлімнен басқа нақты ештеңе жоқ. Өйткені, дәм-тұзың таусылар уақытта денсаулықтың бәрінен маңызды екендігін түсінесің.

Тау баласы фейсбук парақшасынан алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: