Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бұйрыққа өзгертулер енгізілді

18.08.2020, 14:00 376

Хабарлама

Қала тұрғындарының назарына!

Өздеріңізге белгілі, әлемдегі және еліміздегі пандемиялық жағдайға байланысты коронавирустық инфекцияны алдын-алу жөніндегі шаралардың күшеюіне сәйкес6 қазіргі уақытта медициналық мекемелердің қызметі шектеулі.

Осыған байланысты, көрсетілетін қызметті алушылар мемлекеттік қызметтерді алуға медициналық анықтамаларды қызмет берушілердің кеңселері және «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы алуда қиындықтар туғызуда.

Жоғарыдағының негізінде, білім процессіне кедергі тудыратын мәселелерді шешу мақсатында ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 17 шiлдедегi №305 бұйрығымен «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығына өзгертулер енгізілді.

Осы ретте, мектепке құжаттарды тапсыру барысында қызметті алушыға денсаулық жағдайы туралы анықтаманы (№ 063/у нысан) және бала денсаулығы паспортын (026/у-3 нысан) қызмет берушіге аймақта шектеу іс-шаралары тоқтатылғаннан кейін білім беру ұйымдарына ұсыну қажет.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: