Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Биыл Қызылордада 9 мектеп пайдалануға беріледі

12.07.2022, 10:15 487

HALYQLINE.KZ Биыл 4 350 орынға арналған 9 білім ұясы пайдалануға беріледі. Аталмыш мектептердің 2-еуі апаттық жағдайдағы мектептер орнына ашылады. Бұл туралы аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев облыстық мәслихат депутаттары алдында аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебінде мәлімдеді.

Жаңадан ашылатын мектептердің 6-ауы мемлекет қаржысына, ал қалған 3-еуі жеке инвесторлар есебінен салынады. Облыста пайдалану мерзімі 30 жылдан асқан 6 мектепке күрделі жөндеу, 13 білім беру нысаны қазандықтарын газға ауыстыру және 2 мектептің бу қазандығын ғимараттан шығару жұмыстары жүргізіледі.
Сапалы оқу процесін қамтамасыз ету мақсатында облыс бойынша 8 негізгі мектептер орта мектептерге ауыстырылуда, яғни 10-11-сыныптар ашылуда.

– Президент Жарлығымен белгіленген «Балалар жылына» тарту ретінде қаламызда 1 млрд теңгеге 50-ге тарта спорт алаңын, аудандарға 30-дан астам спорт-ойын алаңын саламыз. Бұл жұмыстар демеушілер есебінен іске асырылады, – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: