Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бірыңғай уақыт белдеуіне көшу: министрліктің мәлімдемесі

23.02.2024, 18:00 376

HALYQLINE.KZ

1 наурзыға қараған түні бірнеше облысты қоспағанда, бүкіл Қазақстан біртұтас уақыт белдеуіне көшеді. Осыған байланысты Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жүргізіліп жатқан дайындықтар туралы айтты.

1 наурызға қараған түні бүкіл Қазақстан біртұтас уақыт белдеуіне көшеді. Осыған байланысты Цифрлық даму министрлігі өзінің ресми сайтында мына шаралар қабылданғанын хабарлады:

 Бірінші. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі IANA (Интернет мекенжай кеңістігін басқару) МСЭ, РСС, ICANN, IETF, IESG халықаралық ұйымдарын Қазақстанның біртұтас уақыт белдеуіне көшуі туралы ресми түрде хабардар етті.

Сонымен қатар оларға біздің ел үшін жалпыға қолжетімді уақыт белдеуі базасындағы ақпаратты жаңарту ұсынылды.

Қазақстандықтар операциялық жүйелерде (мысалы, Android және IOS) тиісті жаңартуларды қосуға шақырды.

Екінші. Министрдің бұйрығымен байланыс операторлары:

* өздерінің ақпараттық жүйелеріне қажетті баптауларды дайындап жатыр;

* абоненттер мен пайдаланушыларды олардың қызмет көрсету арналары арқылы хабардар ету (мәтіндік хабарламалар жіберу, интернет-ресурста және ұялы қосымшада хабарлау) бойынша шаралар қабылдауда;

* Интернетті қоса алғанда, көрсетілетін байланыс қызметтерінің тұрақтылығы үшін, сондай-ақ тарифтің ай сайынғы төлемін екі есе есептен шығару жағдайларының алдын алу үшін техникалық инфрақұрылымды дайындайды.

Дереккөз:  kaz.nur.kz

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: